Наурыз тойлап жүрген 80-ге жуық бала жоғалып кеткен
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақша өлең: Несіпбек Айтұлы (Бас)

Қазақша өлең: Несіпбек Айтұлы (Бас)


Эрмитаждың түкпірінде хан басы,
Жарылқасын жалғыз ғана Алласы.
Ақ сүйекте ап-айқын боп тұр білем,
Қырғыздардың қылышының таңбасы.

Тұқым қуған сатқындыққа таң қалам,
Мәңгі тірі жаны сірі оңбаған.
Намыстанам, қапаланам, қорланам,
Сүйегіме түскен сол бір таңбадан.

Көндік талай тонауға да талауға,
Бостандығым желбірейді жалауда.
Именемін көтеруге кеудемді,
Ханның басы жатқан кезде қамауда…


Автор
Мадияр