Наурыз тойлап жүрген 80-ге жуық бала жоғалып кеткен
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Қыз бұрымы)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Қыз бұрымы)


Жырымнан ізде даралық,
Көктегі күн боп көрінген.
Қыз бұрымындай таранып,
Қыз бұрымындай өрілген.

Сезімім менің ол ыстық,
Сыңғыры аумас шолпыдан.
Қыз бұрымындай толықсып,
Қыз бұрымындай толқыған.

Жырымның жанса жанары,
Жан-дүниемнің әлемі.
Қыз бұрымындай салалы,
Қыз бұрымындай әдемі.

Күндер де зулап барады,
Көктегі күндей көңілім.
Үйлесім тапса жарады –
Қыз бұрымындай өмірім!



Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com
Автор
Бауыржан