
Күмəнді сұрақ туса бұл кім деген.
Сабыржан ұлың менмін ұлтым деген.
Қазақтықтың қас жауы орыс тілдің,
Сейілте аламыз біз бұлтын немен.
Қазақтай ел болмаған дегендердің,
Сөзін естіп ісіне күлкім кеген.
Қуатты ел болар деп Қазақстан,
Үмітім үзілмейді үлпілдеген.
Алпыс екі тамырым бойымдағы.
Соққан сайын қазақ деп бүлкілдеген.
Шүкір деймін,наз айтып жатқаныммен,
Өкпелі емес едім бұл күнге мен.
Біреулер мынау кім деп менсінбесе,
Біреулер үлгі алар мүмкін менен.
#Исмагулов Сабыржан өлең олен стихи на казахском
#Исмағұлов Сабыржан өлеңдері
#Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Ұлың менмін ұлтым деген) » ZHARAR © 2019 Исмағұлов Сабыржан Ұлың менмін ұлтым деген өлең олен стихи на казахском
#Ұлың менмін ұлтым деген казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать