Алматыда Төле би мен Саин көшелерін ұзарту жұмыстары аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақша өлең: Ерсайын Құрманбайұлы (Он жыл өтті, он күндей!) » ZHARAR

Қазақша өлең: Ерсайын Құрманбайұлы (Он жыл өтті, он күндей!) » ZHARAR

Ертеректе студентпіз,
Екеумізде қу тақыр,
Бірақ жүрек қосылуды,
Бір болуды қалап тұр.
Сол кездегі баспанада, басқаларда,
Жұмыспенен жалақыда,
Өмір сүру Алматыда,
Қиындықтан қорқам демей,
Оны мүлдем, дым ескермей,
Қыстырмадық еш нәрсені,
Бірге болсақ деген арман,
Алға бізді жетеледі.

************************


Желтоқсанның ызғарында,
Далада көк мұз барында,
Жол болсада тайғақ,
Бәріне махаббатымыз айғақ,
Осылайша Шиеліде,
Көтерілді, шаңырақ.

****************************


Содан бері,
Бас қосқалы бір жастықта,
Он жыл өтті білінбей,
Он жыл деген сезіледі,
Кәдімгі бір он күндей.

*******************************


Бәрін айтта, бірін айт,
Он жыл бірге тұруды айт,
Махаббатсыз, сезімсіз,
Бірге тұру осынша,
Ақылға сыймас, қыйын іс.
Егер сүйсең жарыңды,
Он жыл емес, мәңгілік,
Өмір сүру заңдылық.

**********************************


Тәңірім тіл-көз жолатпа,
Ғашықтарды жылатпа,
Бар арманы бір болу
Екі жасты ұмытпа!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com
Автор
Арман