Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Жанбады ма шырақ әлі....)

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Жанбады ма шырақ әлі....)


Жанбады ма шырақ әлі,
Арманымның жырақ әні.
Түнгі аспанды тебірентіп,
Жұлдыз болып жыр ағады.

Жауратады күзгі жауын.
Көңіл-жетім кейіптегі.
Шын мен болсам, сіздің әннің,
Ең бақытты кейіпкері:

Тәңір ісі демейін бе,
Тәбәрікке теңейін бе?
Жүрегімді суырып ап,
Жүрегіңе берейін бе?

Жүрек? Жүрек – сол сыр берген,
(Ертегі-өмір, баяны жоқ).
Сіз есен-сау болсын деумен,
Көкке қолды жаямын көп.

Үкі тағып текке үмітке,
Қиялдаумен келемісің?
Құрбан болып кетпедік пе,
Екеуміз де... Өлең үшін!

Жалғыз досым Өлең еді.
Тұмар болды есіміңіз.
- Мұңға мені бөлемегін.
- Ке-ші-рі-ңіз...



Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Автор
Бауыржан