Астанада пәтерлерді арнайы құрылығымен тексеріп жүрген кімдер?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Ақша бұлтқа...) » ZHARAR

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Ақша бұлтқа...) » ZHARAR


Ақша бұлтқа қондырып арманымды,
Тауға теңеп тәкаппар талғамымды.
Алматы, аңсарыма айналдырдың,
Өзіңде өлең өріп қалған ұлды.

Білмеймін, сол серінің серті кімде?
Елсізде жүргендеймін елтіп үнге.
Жайыққа қаламымды малып қойып,
Жыр жазып жабығамын жер түбінде.

Суықпын, сіңіп кетті ғайыпқа үнім,
Сергелдең сезіміме лайық мұңым.
Алатау, махаббаттан мән сұрама,
Сүйгенім үшін ғана айыптымын.

Жанымды қайтсем екен шерге малған,
Мерт болды-ау мұңға айналып мендегі арман.
Аласұрып іздеймін әлі күнге,
Алматы, жүрегімді сенде қалған…



Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com
Автор
Бауыржан