"Олардікі сандырақ..." Путин Ресейдегі жаңа мобилизация туралы ақпаратты жоққа шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«ҚазақОйл» беделіне дақ: Миллиардтар бөлінген туризм мен қоймаға айналған әжетхана

«ҚазақОйл» беделіне дақ: Миллиардтар бөлінген туризм мен қоймаға айналған әжетхана
Фото: ЖИ

Жол бойындағы жұпыны тірлік – ел ішіндегі туризмді өрге сүйреуге бағытталған қыруар жоспарлар мен миллиондаған қаржылық салымдардың шын мәнінде қай деңгейде жүзеге асып жатқанын айнадай айшықтайтын басты көрсеткіш, деп хабарлайды kznews.kz.

Жақында әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің шамбайына тиген Балқаш–Бурылбайтал тасжолындағы «ҚазақОйл» жанармай бекетіндегі жағдай – ащы да болса әлеуметтік ақиқаттың бір парасы. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған санитарлық орынның қоймаға айналып, мақсатсыз пайдаланылуы жай ғана ұсақ-түйек кемшілік емес, инфрақұрылым сапасына, бренд беделіне және еліміздің қонақжайлық келбетіне зақым келтіретін өрескел қателік. Ауызын айға білеген концепциялар мен даңғаза баяндамалар қағаз бетінде сайрап тұрғанымен, тасжол бойындағы қарапайым халық пен шетелдік саяхатшы соқтығатын шынайы турбуленттік дәл осындай қарапайым орындардан басталады. Еліміздің экономикалық даму даңғылында туризм саласы басты драйверлердің бірі ретінде айқындалып, бұл бағытқа мемлекет тарапынан қомақты инвестиция бағытталуда. Тек соңғы жылдардың статистикасына көз жүгіртсек, 2023 жылы бұл салаға құйылған инвестиция көлемі 787,1 миллиард теңгеге жетіп, бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішті тіркеген. Ал 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығының өзінде салаға 300 миллиард теңгеге жуық капитал тартылған. Алайда, осындай қомақты қаржының игерілуі мен нәтижелілігі таразыға тартылғанда, жол бойындағы сервистің сиқы сиырқұймышақтанып, сырты бүтін, іші түтін кейіпке енетіні жасырын емес. Бүгін де республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 2300-ден астам жол бойы ұлттық стандартына сай келетін сервис нысандары жұмыс істейді деп есеп берілгенімен, олардың сапалық деңгейі мен санитарлық талаптардың сақталуы сын көтермейді. Алты алашқа аты мәлім туристік мекендерге баратын негізгі транзиттік дәліздердегі гигиеналық тораптардың жай-үйі «ауруын жасырған өледінің» керін келтіріп, саяхатшылардың көңілін су сепкендей басады.

Бұл ретте проблеманың тамыры тек қаржының жетіспеушілігінде емес, жауапкершіліктің жоқтығы мен салғырттықта жатыр. Мемлекет тарапынан ұлттық жобалар аясында мыңдаған шақырым жолдарды жөндеуге, инфрақұрылымды жаңғыртуға миллиардтаған теңге бөлініп, жеке инвесторларға субсидиялар беріліп жатса да, қарапайым қадағалау механизмінің ақсап тұрғаны көзге ұрып тұр. Себебі брендті пайдаланып, қалтасын қалыңдатуды ғана ойлайтын кейбір кәсіпкерлер тұтынушылардың негізгі құқықтарын аяққа таптап, арнайы мұқтаждығы бар азаматтарға арналған бөлмелерді шаруашылық қоймасына айналдырудан тайынбайды. Осыдан барып, елімізге келетін шетелдік туристер санының өсуіне қарамастан – көрсетілетін қызметтің сапасы мен мәдениеті сол баяғы «баяғы жартас – бір жартас» деңгейінде қалып қоюда. Ресми деректер бойынша 2023 жылы Қазақстанға 1 миллионнан астам шетелдік саяхатшы келіп, ішкі туризм ағыны 9,6 миллион адамнан асқанына

Шын мәнінде, жол бойындағы сервис – бұл мемлекеттің, брендтің және бүкіл елдің визит картасы. Бұл ретте тек айыппұл салумен немесе желідегі видеоларға жауап берумен шектелу аурудың себебімен емес, салдарымен күресуге ұқсайды. Бренд иелері франшиза берерде сервистік бақылауды қатаңдатып, талапты орындамаған бекеттерді лицензиясынан айыруға дейін барса, ал жауапты мемлекеттік органдар мониторингті жүйелі түрде жүргізсе ғана оң өзгеріс болады. Қыруар бөлшектерден құралатын туризм индустриясында уақ-түйек проблема болмайды, сондықтан туризмді дамытудың ұлттық жоспарын жүзеге асыру ісі ең әуелі қарапайым тазалық пен азаматтарға деген құрметтен басталуы тиіс.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.