Әл-Фарабидегі 3 адамның өліміне әкелген жол апаты: прокурор Zeekr жүргізушісін 10 жылға соттауды сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақмыс қауіпсіздік мәдениетін күшейтуде: өндірістік тәуекелдерді басқаруға жаңа көзқарас

Қазақмыс қауіпсіздік мәдениетін күшейтуде: өндірістік тәуекелдерді басқаруға жаңа көзқарас
Фото: «Қазақмыс» баспасөз қызметі

Қазақмыс өндірістік қауіпсіздік саласындағы тәуекелге бағдарланған тәсілді жүйелі түрде күшейтіп келеді. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Кадр даярлау және қайта даярлау орталығының (КДҚДО) базасында жүзеге асырылып жатқан Qauipsizdik Start (QStart) оқыту бағдарламасы, деп хабарлайды kznews.kz.

15 маусымнан бастап бағдарламаға Ұлытау облысында жұмыс істейтін «Tranco Industrial Railways Transportations» ЖШС көлік-логистикалық компаниясының қызметкерлері де қатыса бастады.

QStart бағдарламасы «Қазақмыс» Тобының өндірістік қауіпсіздікті жетілдіру және кәсіпорындар мен мердігер ұйымдарда тәуекелге бағдарланған басқару мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмысының бір бөлігі саналады.

Оқыту барысында қатысушылар өндірістік ортадағы ықтимал қауіп-қатерлерді анықтауды, олардың салдарын бағалауды және қауіптің алдын алуға бағытталған тиімді шешімдер қабылдауды тәжірибе жүзінде меңгереді.

«Кез келген компания үшін қызметкердің өмірі мен денсаулығы – басты құндылық. Қауіпсіздікке арналған мұндай бағдарламалар соның нақты көрінісі», – дейді «Tranco Industrial Railways Transportations» компаниясының қызметкерлерінің бірі.

Бағдарлама аясында сценарийлік жаттығулар өткізіліп, өндірісте кездесетін нақты жағдайлар талданады. Сонымен қатар қатысушылар төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін пысықтайды. Мұндай тәсіл адам факторына байланысты тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

«Қазақмыс өндірістік тәуекелдерді бағалау мен жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында маңызды оқыту жүргізіп жатыр. Бұл білім күнделікті жұмысымызда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі», – дейді бағдарламаға қатысушылардың бірі.

Оқыту тиімділігін арттыру мақсатында Кадр даярлау және қайта даярлау орталығында оқу бағдарламасы «Қауіпсіздік-2026» стратегиясына сәйкес жаңартылды. Сонымен қатар білімді тәуелсіз бағалау және электронды сертификат беру жүйесі енгізілген.

Qauipsizdik Start бағдарламасын одан әрі дамыту өндірістік тәуекелдерді басқарудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастырып, «Қазақмыс» Тобы кәсіпорындарында қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.