Мал басының көбеюі жем-шөп пен жайылым мәселесін де күн тәртібіне шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақмыс мердігер ұйымдарға бірыңғай қауіпсіздік стандартын енгізуде

Қазақмыс мердігер ұйымдарға бірыңғай қауіпсіздік стандартын енгізуде

Компанияда жарияланған Қауіпсіздік жылы аясында «Қазақмыс» корпорациясы мердігер ұйымдарды еңбекті қорғау мен тәуекелдерді басқарудың корпоративтік стандарттарына оқыту бағдарламасын кеңейтіп жатыр. Бастаманың мақсаты – компанияның өндірістік нысандарына тартылған барлық жұмыскерлер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесі бойынша бірыңғай тәсіл енгізу, деп хабарлайды kznews.kz.

Бағдарламаның кезекті кезеңінде «Tranco Balkhash» көлік-логистикалық компаниясының қызметкерлері корпорацияның Кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығында «Qauipsizdik Start» (QStart) курсы бойынша оқытудан өтуде.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы Корпорацияның өндірістік алаңдарында жүрген барлық қызметкерлерге, оның ішінде компанияның немесе мердігер ұйымның қызметкері екеніне қарамастан, баршаға бірдей қолданылады.

Оқыту сегіз сағаттық практикалық семинар форматында өтуде. Қатысушылар тәуекелді анықтау және бағалау әдісін, көлік және арнайы техникамен жұмыс істеу ережесін, жеке қорғаныс құралдарын қолдану тәртібін және төтенше жағдай кезінде әрекет ету алгоритмін меңгереді. Оқу барысында Life Saving Rules қағидаларына және жұмыскердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жұмысты тоқтату құқығына ерекше назар аударылады.

Оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушылар міндетті тестілеуден өтіп, электронды сертификат алады.

Бағдарлама 2026 жылғы сәуірде Балқашта басталып, кейін Сәтбаевтағы корпорация кәсіпорындарына енгізілген «Qauipsizdik Start» жобасының бір бөлігі болып табылады. Жыл соңына дейін Қазақмыстың нысандарында жұмыс істейтін өндірістік бөлімшелер мен мердігер ұйымдардың 10 мыңнан астам жұмыскері еңбекті қорғау мен тәуекелдерді басқарудың бірыңғай стандарты бойынша оқытудан өтеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.