Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері 67,78 млрд долларға жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақмыс жаңа арнайы техникамен жерасты жұмысының қауіпсіздігін күшейтуде

Қазақмыс жаңа арнайы техникамен жерасты жұмысының қауіпсіздігін күшейтуде
фото: Қазақмыс баспасөз бөлімі

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарында күрделі тау-кен және шахта жағдайында пайдаланылатын мамандандырылған автокөлік құралдарын тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізу жалғасуда, деп хабарлайды kznews.kz.
 
Сынақтан өткізіліп жатқан BAW (Beijing Automobile Works) өндірісінің техникасы тар және орташа көлемдегі жерасты қазбаларында пайдалануға бейімделген әрі заманауи өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесімен қамтылған. Техника ROPS/FOPS сертификатталған қорғаныс құрылымымен (аударылған немесе зат құлаған кезде персоналды қорғайды), 360° панорамалық бейнебақылау жүйесімен, күшейтілген тежеу жүйесімен, жылдамдықты автоматты шектеу қызметімен және жабдықтың жай-күйін бақылау құралдарымен жабдықталған.
 
Бұрын кеніштерде қолданылған жалпы мақсаттағы автокөлікпен салыстырғанда мамандандырылған көлік құралы сенімдірек жұмыс істеп, күрделі пайдалану жағдайына тез бейімделуімен және  қызмет көрсету шығынының төмендігімен ерекшеленді.
 
Алғашқы сынақ нәтижесі жаңа техниканың еңбек қауіпсіздігін күшейтуге, жабдықтың бос тұрып қалуын азайтуға және өндірістік үдерістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін растады.
 
Қазіргі уақытта корпорация бұл техниканы Топтың өндірістік алаңдарына кезең-кезеңімен енгізу мүмкіндігін қарастыруда.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.