Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Қазақмыс" кәсіпорнының жұмысшысы қаза тапты

"Қазақмыс" кәсіпорнының жұмысшысы қаза тапты

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  Жезқазғандағы №2 байыту фабрикасында қайғылы оқиға орын алғаны белгілі болды.



– 1980 жылы туылған машинист конвейер механизмінде қысылып қалған. Нәтижесінде әйел өте ауыр дәрежедегі жарақат алған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері оның қайтыс болғанын айтты,  –  делінген хабарламада.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС – ірі тау-кен және металлургиялық компания. 1997 жылы тамызда акционерлік қоғам ретінде құрылды және тіркелді. 2005 жылдың 14 қаңтарында компания акционерлік қоғамнан жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қайта тіркелді.

Негізін қалаушы – Владимир Ким.

Айта кетейік, өткен айда Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің рейтингінде көшбасшы алғаш рет өзгергені хабарланды.

Сондай-ақ үздік ондықта Болат Өтемұратов, Тимур Құлыбаев, Владимир Ким, Тимур Тұрлов, Александр Машкевич, Нұрлан Смағұлов, Айдын Рахымбаев, Александр Белович, Эдуард Огай бар.

Автор
Айбар