KZNews.kz
Спорт

Қазақ жауынгерінің сенсациялық жеңісі — 52 секундта нокаут

Torgyn Abushakhman

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Көшен Ақанов Бухара қаласында өткен Brave 103 және ATF 27 ұйымдарының біріккен турнирінде әсерлі жеңіске жетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Октагонда қазақстандық спортшы Өзбекстан өкілі Сардор Худойбердиевпен жекпе-жек өткізді. Үш раундқа жоспарланған айқас ұзаққа созылған жоқ.

Көшен Ақанов қарсыласын небәрі 52 секундта нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл жеңіс кештің ең жарқын әрі басты оқиғаларының бірі ретінде атап өтілді.

Осы нәтижемен 28 жастағы файтер кәсіби мансабындағы жетінші жеңісін тіркеді. Айта кетейік, 2025 жылдың мамыр айында ресейлік Валерий Гусаровтан жеңіліп, мансабындағы алғашқы ұтылысын қабылдаған еді.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары