«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ тілін менсінбейтін әуежай қызметкерлері көпшіліктің ашуын тудырды (ВИДЕО)

Қазақ тілін менсінбейтін әуежай қызметкерлері көпшіліктің ашуын тудырды (ВИДЕО)
Алматы халықаралық әуежайының қызметкерлері мемлекеттік тілде мүлде сөйлей алмайды. Бұл туралы журналист Ришат Асқарбекұлы өзінің фейсбук парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.  "Алматы халықаралық әуежайындағы жағдай... Еркін Ербөлек деген азамат жекеме жолдады. DV-769 Алматы-Атырау рейсі 5:30 сағатқа кешіктірілген, осыған байланысты бірнеше қызметкерлерге (Скат әуекомпаниясы) жолыққан кезде олардың (Афанасенко Валерия, Зазулина Олеся) мемлекеттік тілде мүлдем сөйлей алмайтынын байқадық. Осыған наразылық білдіріп әуежайдың жауапты қызметкерін шақырғанда, оның да (Булеков Николай - сменный начальник аэропорта) мүлдем қазақ тілін түсінбейтінін байқадық. Оның үстіне, барлық бейджиктері орыс тілінде жазылған. Әуежай кезекшілік бастығы оның үстіне қазақ-орыс тілінде тілмаш деп бір қазақ жігітті шақырып, әбден ұятқа қалды. Қазақ елінде қазақ тілінде сөйлеген тұтынушыға қандай тілмаш керек? Еліміздің бетке ұстар Алматы әуежайы әкімшілігіне және Скат авиакомпаниясының әкімшілігіне бір топ жолаушы өте наразы болды. Бұл қызметкерлер тұтынушылардың құқықтарын сақтамай отырып әрі мемлекеттік тілге құрметсіздік көрсеткен үшін орнын босату керек. Одан әрі бұл жағдай қайтанбалас деп ойлаймыз", - деп жазды ол.  

"Адырна" ұлттық порталы 

Автор
Данияр