ка

«Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар - Қазақстан және қазақтар туралы - Рефераты на казахском языке - Библиотека

25.11.2019 11:50
0
1

Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:Сынып    Апталық сағат саны    Жылдық сағат саны
1-сынып     2 сағат    66 сағат
2-сынып    2 сағат    68 сағат
3-сынып    3 сағат    102 сағат
4-сынып    3 сағат    102 сағат
        
Сабақ барысында әртүрлі (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлерін ұйымдастыру үшін  оқу кабинеттеріндегі жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ кітап сөрелері, стендтер және оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған орын болуы міндетті.
«Қазақ тілі» пәнін сапалы, тиімді оқытуда қолайлы жағдай туғызуға қажетті құрал-жабдықтар:
-     шектеусіз интернет; 
-     компьютерлер немесе ноутбуктер; 
-     құлаққаптар;
-     жылжымалы тақта;
-     интерактивті тақта;
-     флип-чарт;
-     маркерлер; 
-     ламинатор;
-     есту-бейне материалдары ;
-     дидактикалық материалдар; 
-     шағын және көлемді жеке суретті кітаптар; 
-     сөздіктер (аударма, түсіндірмелі, орфографиялық, орфоэпиялық т.б.); 
-     оқушыларға арналған энциклопедиялар;
-     жас ерекшелігіне сай әдебиеттер, қазақ ауыз әдебиеті материалдары; 
-     жас ерекшелігіне сай журналдар;
-     шағын және орта көлемді сюжетті кітаптар; 
-     бастауыш мектепке арналған көркем әдебиеттер қоры; 
-    постерлер; 
-    ұлттық киімдегі қуыршақтар (сахналық көріністер үшін); 
-    ұлттық киімдер, сахналық киімдер, декорациялар; 
˗    ұлттық ойынға қажетті жабдықтар.
 


Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий