Түркістан облысының Мақтаарал ауданы тұрғыны, мектеп түлегі Медина Нұрәлі әлемнің 80-нен астам жоғары оқу орнынан шақырту алды. Ол халықаралық IELTS және SAT емтихандарын жоғары деңгейде тапсырып, шетелдік университеттердің назарын аударған, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, талапкерге АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия, БАӘ және Еуропаның жетекші университеттері оқу және гранттық мүмкіндіктер ұсынған. Университеттер оның академиялық жетістіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және қоғамдық белсенділігін жоғары бағалаған.
Медина бұған дейін ағылшын тілі пәнінен республикалық ғылыми-шығармашылық конференцияда І орын алып, республикалық «Ой зерек» олимпиадасының жеңімпазы атанған.
Көптеген ұсыныстарға қарамастан, ол Inha University университетін таңдауға ниет білдіріп отыр.