«Бір тамшы су тамбасын!» – Нәлібаев тәртіпті Алматы әуежайынан бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ қызы АҚШ-тың Словениядағы елшісі қызметіне тағайындалды

Қазақ қызы АҚШ-тың Словениядағы елшісі қызметіне тағайындалды
Фото: Facebook / Embassy of Kazakhstan in Washington DC

Қазақстанда туған Әсел Робертс (Төленова) АҚШ-тың Словениядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне ресми түрде тағайындалды. Оның кандидатурасын АҚШ президенті Donald Trump ұсынған, кейін оны АҚШ Сенаты мақұлдады, деп хабарлайды kznews.kz.

«Вирджиния штатының тұрғыны Әсел Робертс Америка Құрама Штаттарының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды», - деп жазылған АҚШ Сенатының сайтында жарияланған мәліметте.

Әсел Робертстің кандидатурасын 125 сенатор қолдады. Дауыс беру 18 мамыр күні өтті. Оны жаңа қызметке тағайындалуымен Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі де құттықтады.

«Әсел Робертс ханымды АҚШ-тың Словениядағы елшісі қызметіне тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймыз. Ол — АҚШ тарихында елші дәрежесіне көтерілген тұңғыш қазақ қызы. Жаңа қызметіне сәттілік пен толағай табыс тілейміз» деп жазды Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі Facebook парақшасында.

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сәйкес, Әсел Төленова 1976 жылы Қазақстанда дүниеге келген. Кейін АҚШ-қа көшіп барып, сонда білім алған. 1993-1998 жылдары Джорджтаун университетінде халықаралық құқық және халықаралық ұйымдар мамандығы бойынша оқыған.

Еңбек жолын 1999 жылы АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Ақ үйдің хаттама қызметінде бастаған. Көп жыл бойы дипломатиялық протокол саласында қызмет атқарып, түрлі президент әкімшіліктерімен жұмыс істеген.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі