Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ-өзбек шекарасындағы бақылау-өткізу бекеті жабылады

Қазақ-өзбек шекарасындағы бақылау-өткізу бекеті жабылады

Жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қозғалысы осы жылдың 1 қарашасынан бастап тоқтатылады деп жоспарлануда

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Қазақ-өзбек шекарасындағы "Қонысбаев" өткізу бекетін қайта құру үшін 2020 жылға дейін жабады. Бұл туралы Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитетінің ресми сайтында айтылған.

Салалық ведомствоның мәліметінше, жаяу жүргіншілер, жеңіл және жүк көтергіштігі 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктерінің қозғалысы 1 қарашадан бастап тоқтатылады.

Тағы оқыңыз: Қытай Қазақстанмен шекарасын жабады 

Осыған байланысты Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитеті жаяу жүргіншілер, тауарлар мен көлік құралын өткізетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар балама бақылау-өткізу пункттері арқылы шекарадан өте алатынын хабарлайды.

Қазақстанның "Қонысбаев" шекаралық бақылау-өткізу бекеті Түркістан облысында орналасқан. Шекара өткелінде Өзбекстан жақтан Ташкент облысының Чиназ ауданында ашылған "Яллама" өткізу пункті бар.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр

Журналист