Зейнетақы жинағы: активтер артқанымен, салымшылар көбейген жоқ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қазақ мәдениетіне сүбелі үлес қосқан”: Тойда Терағали Төреәлінің қарындасын мақтап таныстырғандар сынға қалды

“Қазақ мәдениетіне сүбелі үлес қосқан”: Тойда Терағали Төреәлінің қарындасын мақтап таныстырғандар сынға қалды
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі ұзатылып, тұрмысқа шықты. Қыз ұзату рәсімінен кадрлар әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жазба авторы Динаны өміріндегі қиын кезеңдерде де қолдау көрсеткен, сенім артуға болатын жан ретінде сипаттады. Әсіресе өзі бала күтімімен айналысып жүрген уақытта Динаның жұмысты тиянақты атқарып, салонды жүргізуге көмектескенін атап өтті.

«Қызылордадағы салонымды ашарда Алладан сұрап, дұға еткенімде жолыққан шын жанашыр адам. Мен жыл сайын бала босанған кезімде жанымда болмасам да, жоқтығымды сездірмей, жұмысты өзіне жүктелген үлкен жауапкершілікпен атқарып отырды. Пысықтығы, адалдығы мен адамға деген жанашырлығы үшін оны ерекше бағалаймын», – деп жазды ол.

Құрбысы Динараның сәуір айында тұрмысқа шығатыны туралы хабарды естіген сәтін де еске алды. Оның айтуынша, бұл жаңалық қуаныш сыйлағанымен, қимастық сезімі басым болған.

Дина өз кезегінде құрбысынан ұзату рәсімінде қасында болып, ақ батасын беріп, шығарып салуын өтінген. Бойжеткеннің бұл тілегі де жазба авторына ерекше әсер еткен.

«Жасыңыз кіші болғанымен, жолыңыз үлкен. Тұрмысқа шығып, қатарынан бала сүйгеніңіз маған да жұғысты болсын. Мүмкіндік болып жатса, келіп, мені ұзатып берсеңіз, қатты қуанар едім», – деген өтінішін ол қабыл алған.

Бойжеткеннің бұл сөзін аяқасты ете алмағанын айтып, ұзату тойына қатысуды өзі үшін үлкен мәртебе әрі ерекше естелік болғанын жеткізді.

Дегенмен бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды. Әсіресе жүргізушінің Дина Төреәліні таныстыру кезінде оны «қазақ мәдениетіне сүбелі үлес қосқан» деп атауы көпшіліктің назарын аударды. Желіде бұл сөзге қатысты әртүрлі пікір айтылып, кейбір қолданушылар мұндай сипаттаманың қаншалықты орынды екеніне күмән келтірді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.