“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ халқының генетикалық тарихы 7 мың жылға тереңдеді — жаңа зерттеу

Қазақ халқының генетикалық тарихы 7 мың жылға тереңдеді — жаңа зерттеу
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі

Қазақстан, Оңтүстік Корея, Германия және АҚШ ғалымдары Шығыс Қазақстандағы Көкен қонысынан табылған көне адам сүйектерінің ДНҚ-сын зерттеп, қазақ халқының генетикалық тарихы кемінде 7 мың жылға созылатынын анықтады. Зерттеу нәтижесі Science Advances журналында жарияланды.

Ғалымдар 21 ежелгі адамның геномын секвенирлеген. Ең көне үлгі б.з.д. 5500 жылдарға (ерте неолит дәуірі) тиесілі. Палеогенетикалық талдау неолит дәуірінде қазіргі Қазақстан аумағында әртүрлі генетикалық топтардың өмір сүргенін көрсетті. Көкен тұрғындарының генетикалық бейіні Тобыл–Есіл және Жоғарғы Обь өңірлерінен өзгеше болған.

Зерттеу Көкен тұрғындары кейінгі қола дәуіріндегі малшылар мен көшпелі қоғамдардың генетикалық негізін қалыптастырғанын айғақтады. Бұл желі қазіргі қазақтар мен Орталық Азия халықтарының геномында сақталған.

Ұлттық биотехнология орталығының ғалымы Мақсат Жабағин:

«Нәтижелер қазақ халқының генетикалық тарихы кемінде жеті мың жылға созылатынын дәлелдейді», — деді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.