Пашинян жеңісі: Тоқаев Армениямен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Зейнеттегі Назарбаев саясатпен айналыса ма: Ел естімеген хабар тарады

Зейнеттегі Назарбаев саясатпен айналыса ма: Ел естімеген хабар тарады
Михаил Метцель / ТАСС

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай оның қазіргі саяси процестерге қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Айдос Үкібай бұл туралы «Азаттық» тілшісінің сұрағына жауап берген кезде мәлімдеген. Оның сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев бір кездері өзі құрған «Аманат» партиясының мүшесі емес және партия айналасында болып жатқан қазіргі өзгерістерге араласпайды.

«Нұрсұлтан Әбішұлының партияға қандай қатысы бар? Ол кісі президенттік өкілетін 2019 жылы тоқтатқан», – деді Айдос Үкібай.

Баспасөз хатшысының айтуынша, зейнеттегі Назарбаев қазір саясатпен айналыспайды.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды шамамен 30 жыл басқарды. Ол 2019 жылы президент өкілетін тоқтатқанымен, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына дейін Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы және «Нұр Отан» партиясының, қазіргі «Аманаттың», басшысы қызметін атқарған.

Соңғы уақытта «Аманат» партиясы төңірегіндегі саяси өзгерістер қоғамда талқыланып жатқандықтан, Назарбаевтың бұл процеске қатысы бар-жоғына қатысты сұрақтар туындаған еді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер