Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

қаза тапқандар саны 15 адамға жетті

қаза тапқандар саны 15 адамға жетті

Оқиға орнына екі тікұшақ пен криминалист тергеушілер жіберілді, жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Забайкальеде автобус көпірден құлап, он бес адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости өңірдің  шұғыл қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты жексенбі күні "Могойтуй – Сретинск – Олочи" автожолының 60 шақырымында болды. Автобустың ішінде 43 жолаушы отырған.

Басылымның ақпаратынша, автобустың алдыңғы доңғалағы жарылып, көлік Куенга өзеніне құлаған.

Қазір зардап шеккендер саны 33 адамға жетті, олардың алтауы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына екі тікұшақ пен криминалист тергеушілер жіберілді.

Тағы оқыңыз: Шымкент маңындағы жол апаты: оқиға орнында түсірілген видео жарияланды

Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.


sputniknews.kz
Автор
Данияр