Qaz365.kz командасы 12 матчта 29 ұпай жинады. Қарсылас қақпасына 60 гол соғып, өздері 30 доп жіберді. Үздік сұрмергендер номинациясында Qaz365.kz командасының екі бірдей ойыншысы үздік сұрмерген атанды. Атап айтсақ, Дастан Заманбеков пен Есенбол Иманғазы 22 голдан соқты. Сондай-ақ Дастан Заманбеков лиганың үздік ойыншысы атанды.Екінші орын Қанат Базылхан бастаған «Хабар-24» ұжымына бұйырса, үздік үштікті Monkey Media.kz түйіндеді.
А лигасында «Қазмедиа» үздік шықса, екінші орын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымына бұйырса, үштікте Meta-ratings.kz бар.
ақпарат: Qaz365.kz