Сенім статистикасы: құзырлы органдарға халық көзқарасы қандай?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Qaz365.kz – BAQ liga чемпионы атанды

Qaz365.kz – BAQ liga чемпионы атанды
Елордада шағын футболдан БАҚ өкілдері арасындағы BAQ liga чемпионатының ХIII маусымы мәреге жетті. Екі айдан астам уақытқа созылған біріншілікке 13 команда қатысты. В лигасында дебютант болса да Qaz365.kz ақпараттық порталының командасы топ жарды.  Команда жігіттері чемпиондық атаққа бір тур қалғанда қол жеткізді. Жеңімпазды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі марапаттады. 

Qaz365.kz командасы 12 матчта 29 ұпай жинады. Қарсылас қақпасына 60 гол соғып, өздері 30 доп жіберді. Үздік сұрмергендер номинациясында Qaz365.kz командасының екі бірдей ойыншысы үздік сұрмерген атанды. Атап айтсақ, Дастан Заманбеков пен Есенбол Иманғазы 22 голдан соқты. Сондай-ақ Дастан Заманбеков лиганың үздік ойыншысы атанды.Екінші орын Қанат Базылхан бастаған «Хабар-24» ұжымына бұйырса, үздік үштікті Monkey Media.kz түйіндеді.

А лигасында «Қазмедиа» үздік шықса, екінші орын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымына бұйырса, үштікте Meta-ratings.kz бар.

ақпарат: Qaz365.kz
Автор
Айбар