Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қатты жөтелген ер адамның аузынан өкпесінің бір бөлігі түсіп қалды

Қатты жөтелген ер адамның аузынан өкпесінің бір бөлігі түсіп қалды

Мұнан кейін дәрігерлер науқастың кеңірдегіне тыныс беру түтігін орнатуға мәжбүр болды.

АҚШ-та ауруханада жатқан пациенттің қатты жөтелгені сонша, аузынан өкпесінің бір бөлігі шығып кетті. Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ер адам созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің салдарынан Сан-Францискодағы Калифорния университетінің медициналық орталығыны жан сақтау бөліміне түсті. 36 жастағы пациенттің бала күнінен жүрегіне байланысты қиындықтары болған. Бірнеше жыл бұрын оған жүректі ынталандырғыш қойылыпты.

Ер адам ауруханаға түскеннен бір апта өткеннен кейін тыныс алуына байланысты қиындықтар пайда болған. Ол жөтелгенде қақырық пен қан шыға бастапты. Өз кезегінде дәрігерлер оған оттегі жіберіп тұратын қосымша құрылғыларды қосты.

Пациенттің кезекті рет ұстамасы ұстап, қатты жөтелген кезде, оң жақ өкпесінің бронх тармақтарының бөлігіс түсіп қалған. Мұнан кейін дәрігерлер науқастың кеңірдегіне тыныс беру түтігін орнатуға мәжбүр болды. Алайда екі күннен кейін ер адамның жөтелі басылыпты.

Ал арада бір апта өткеннен кейін ол жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Автор
Жандос