Қазір компания Әли Ахмедов, Руслан Мәдиев секілді боксшыларға көмектесіп жатыр.
Головкиннің айтуынша, бұл талантты жігіттердің үлкен потенциалы бар.
GGG журналистердің "спортшылардың жаттығуы неге АҚШ-та өтеді?" деген сұрағына жауап берді.
"Қатты тисе де айтайын, Қазақстанда кәсіпқой бокс жоқ. АҚШ-тағыдай жағдай жасалмаған. Біз таңдап алған жігіттер менімен бірге жаттығады", — деп мәлімдеді Геннадий Головкин.
Боксшы спортшыларды іріктеу кезінде екі маңызды критерийге басымдық берілетінін айтты: олар тәжірибелі және еңбексүйгіш болуы тиіс.
"Үлкен спорт қауіп-қатерге толы, мен өз шәкірттерімнің денсаулығына жауаптымын, сондықтан спортқа келгеніне енді бір жыл болғандар менің командама қосыла алмайды", — деді Головкин.
Геннадий Головкин баспасөз конференциясы кезінде
Геннадий Головкин баспасөз конференциясы кезінде
Геннадий Головкин баспасөз конференциясы кезінде
Геннадий Головкиннің жанкүйерлері баспасөз конференциясынан кейін
Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Лас-Вегаста Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жекте жеңіліс тапты. Кейін Геннадий Головкиннің Қазақстанға келгені белгілі болды. Мұнда ол Қарағандыдағы спорт кешеніне барды, сондай-ақ Астанада "Барыс – ЦСКА" матчын тамашалады.