"Алғашқы трофей" – Футболдан Қазақстан құрамасы Африкадан келген екі елді жеңді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әнші Жазира Байырбекова келінінің орамалын аукционға қойды

Әнші Жазира Байырбекова келінінің орамалын аукционға қойды
ozgeris.info

Желіде танымал әншілер Жанболат пен Жазираның ұлының үйлену тойында болған оқиға қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Той барысында асаба келіннің орамалын аукционға қойғаны көпшіліктің назарын аударған. Сол сәтте блогер Ырысбала Икрамбай аталған орамал үшін 300 доллар беруге дайын екенін білдірген.

Алайда бұл әрекет әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады. Көпшілік мұны қазақы дәстүрге қайшы келетін қадам деп бағалап, түрлі пікірлер қалдырған.

"Мұндай болмайды", "Орамалды ешкімге бермейді", "Жақсы ырым емес", "Бақ-береке сол орамалда", "Әдемі басталған тойдың мәнін кетірдіңдер", "Шектен шығып кеткен жоқсыңдар ма?" деген пікірлер жиі жазылған.

Айта кетейік, Жанболат пен Жазира жалғыз ұлы Қазбекті үйлендіріп, Асылы есімді келін түсірген болатын.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер