Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың екінші келіні үшінші перзентін дүниеге әкелді. Қуанышты жаңалықты продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.
Гүлзира Айдарбекова келінінің босануына орай арнайы жазба жариялап, перзентханаға барып, немересін алғаш рет құшағына алған сәттен фотосын да жүктеген. Жазбада ол жас ананы құттықтап, ақ тілегін білдірген.
Алайда бұл жарияланым желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік продюсердің келіндеріне қатысты ұстанымына наразы болып, оларды бөліп-жарады деп сын айтты. Әсіресе, жұрт Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімованың босанған сәтінде мұндай ашық құттықтау болмағанын алға тартты.
Пікір қалдырғандар: «Қайраттың қыздары дүниеге келгенде неге дәл осылай бармадыңыз?», «Жұлдыз босанғанда да елге жар салу керек еді», «Келіндеріңізді бөліп-жарудың не қажеті бар?», «Жазсаңыз – бәріне бірдей жазыңыз, болмаса ешкімге жазбаңыз» деген сынды сыни ойларын білдірді.
Осылайша, немеренің дүниеге келуімен байланысты қуанышты жаңалық желіде тек жылы лебіз ғана емес, қоғам тарапынан сын мен пікірталасқа да ұласты.