Кеше Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеп жатқан «NELSA» танкеріне ұшқышсыз ұшу аппараты тағы шабуыл жасаған.
Шабуылдан кейін кемеде өрт шыққанымен, ол жедел сөндірілді. Энергетика министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, мұнайдың теңізге төгілуіне де жол берілмеген. Қазір мамандар танкердің техникалық жағдайы мен оқиғаның салдарын бағалап жатыр.
Бұл оқиға Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалына қатысты қауіпсіздік мәселесін қайта күн тәртібіне шығарып отыр. Бұған дейін де КҚК инфрақұрылымына шабуыл жасалған еді. Қазақстан тарапы мұнай экспортының тұрақтылығын қамтамасыз ету және стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін сақтау қажеттігін мәлімдеген болатын.