Құралайдың салқыны: Қазақстандағы киік саны 4,5 миллионнан асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Келісімнің екінші күні: Ормуз бұғазынан 12,5 млн баррель мұнай тиеген кемелер кедергісіз өтті

Келісімнің екінші күні: Ормуз бұғазынан 12,5 млн баррель мұнай тиеген кемелер кедергісіз өтті
Фото: Reuters

АҚШ тарапы аймақтың тыныш екенін хабарлады 

АҚШ пен Иранның келісімінен кейін Ормуз бұғазынан бір тәулікте 12,5 миллион баррель мұнай тасымалданған, деп хабарлайды kznews.kz.

DW агенттігінің мәліметіне сүйенсек, бұғаздағы әскери блокада ресми алынған. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамптың тиісті жарлығы шыққан. Қазіргі уақытта америкалық тарап Иран порттарына бара жатқа не келе жатқан кемелердің қозғалысына ешқандай кедергі жоқ.

«АҚШ Қарулы Күштері блокада қою бойынша барлық іс-қимылды тоқтатты. Біздің әскери кемелеріміз келісімнің барлық ережесінің толықтай орындалуын бақылау үшін аталған аймақта қала береді», - делінген CENTCOM мәлімдемесінде.

АҚШ вице-президенті Дэвид Джеймс Вэнс мәлімдеуінше, екініш күн қатарынан Иран тарапынан оқ атылған жоқ.

Вашингтон мен Тегеран 18 маусымға қараған түні өзара түсіністік туралы меморандумға қашықтан қол қойды. Осы сәттен бастап екі ел арасында 60 күндік келіссөздер кезеңі басталды, оның барысында тараптар түпкілікті бейбіт келісімді мақұлдауы тиіс.

Axios басылымының дереккөздеріне сүйенсек, меморандумға қол қою рәсімі алғашқыда 19 шілдеде Швейцарияда бетпе-бет форматта өтуі жоспарланған. Алайда Ормуз бұғазын тезірек ашу мақсатында тараптар процедураны жеделдеткен. Соған қарамастан, АҚШ вице-президенті Дэвид Джеймс Вэнс пен Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф бастаған делегациялардың алдағы кездесуі өзгеріссіз қалады. Қол қойылған құжат 14 тармақтан тұрады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.