KZNEWS.KZ
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Айжан Сыланова
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды, деп хабарлайды kznews.kz.

Сапар барысында Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген, түркі әлемі үшін маңызды тарихи-рухани нысан – Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев кесене аумағында жерленген ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауи мен өзге де тарихи тұлғалардың рухына тағзым жасады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →