«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтады - Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтады - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ардақты аналар! Аяулы арулар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына сіздер мол үлес қосып келесіздер.  Ел басына күн туғанда асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты", - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда жатталатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылғанын айтты.

"Отбасы институтын, көп балалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы.Сіздердің шығармашылық және кәсіби біліктіліктеріңізді арттыру үшін барлық жағдай жасалуда. Алдағы уақытта талантты да талапты әйелдер қоғамдық-саяси өмірдің түрлі саласында зор жетістікке жететініне сенемін. Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!", - деді ол.


stan.kz
Автор
Данияр