KZNews.kz
Қоғам

«Қасқаны инвалид қылды»: Танымал әзілкеш Ерболат Төлеген шымкенттік емшіні әшкереледі

Ayzhan Sylanova

Әзілкештің айтуынша, өзін кәсіби маман ретінде көрсеткен Оңласбек есімді адам Алматыда оны қабылдап, ем жүргізген. Алайда кейін белгілі болғандай, емшінің кәсіби білімі де, медициналық біліктілігі де жоқ. Ол өз білімін YouTube видеолары арқылы алғанын жасырмаған.

«Оң қолымның сіңірін жыртып жіберді. Салдарынан бірнеше жыл бойы жұмысқа жарамсыз болып қалдым. Қазір сол қолымның иығын көтере алмай жүрмін. Түрлі ем қабылдадым, бірақ еш нәтиже болмады», – дейді Ерболат Төлеген.

Оның айтуынша, әлгі жалған маман қазіргі таңда Instagram желісінде @onlasbek_manualist атымен тіркеліп, өзін әлі де науқастарды емдейтін маман ретінде көрсетіп жүр. Ең сорақысы – ол әзілкешпен түскен бейнематериалдарды әлеуметтік желіге жүктеп, өзін "аяққа тұрғызған" адам ретінде таныстыруда.

«Мен жай ғана үндемей келген едім. Бірақ амалсыз осы жазбаны жариялауыма тура келді. Себебі ол видеоларымызды таратып, елді алдап жатыр», – деді Төлеген.

Ол Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбада жалған емшінің емдеу сәттері көрсетілген. Видеода ер адамның әзілкештің желке тұсынан қатты соққы жасап, қолдарын тартып жатқан сәті бейнеленген. Бұл кадр көпшіліктің жағасын ұстатты.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары