Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қарымта соққы. Қытай америкалық импортқа жаңа салық енгізді

Қарымта соққы. Қытай америкалық импортқа жаңа салық енгізді

10 наурыз, дүйсенбі күні Қытай АҚШ-тан әкелінетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне жаңа салық енгізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ге сілтеме жасап. 

Бірқатар америкалық аграрлық өнімдерге 10-15 пайыз көлемінде қосымша салық салынды. Бұл – АҚШ-тың қытайлық импортқа тарифтерді тағы да көтеруіне Қытайдың берген жауабы.

Ақпан айының басынан бері АҚШ-қа әкелінетін қытайлық тауарларға 10 пайыздық салық енгізілген еді. Ал өткен аптада бұл тариф 20 пайызға дейін көтерілді. Бұған жауап ретінде Қытай АҚШ-тан импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне жаңа тарифтер енгізетінін жариялады.

ҚХР қаржы министрлігінің хабарлауынша, қосымша 15 пайыздық салық АҚШ-тан әкелінетін тауық еті, бидай, жүгері және мақтаға қатысты. Ал жүгері, соя, шошқа еті, сиыр еті, балық, жеміс-жидек, көкөніс және сүт өнімдеріне 10 пайыздық тариф салынған.

10 наурызға дейін жөнелтіліп, 12 сәуірге дейін Қытайға жеткен тауарлар жаңа кедендік ережелерге бағынбайды.

Автор
Данияр

Журналист