Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Qarmet-тен 1,5 млрд теңге ұрланды

Qarmet-тен 1,5 млрд теңге ұрланды

Бұрынғы АрселорМиттал Теміртау компаниясы, қазіргі Qarmet–тен ақша жымқырылғаны анықталды. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды ​​облысында металлургиялық зауыттан 1,5 миллиард теңгеден астам ақшаны жымқырған қылмыстық топ мүшелері ұсталды.

Қылмыстық схема осы жылдың сәуір айында әшкереленген. Операцияға полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен прокурорлар жұмылдырылды.

«Қылмыстық әрекет бақыланатын мердігерлік және күзет ұйымдары арқылы жоқ тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізуден құралған. Қарағанды ​​мен Теміртауда ұстау және тінту жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар қамауға алынды»,-  деді ішкі істер министрлігінің өкілі Шыңғыс Әлекешев. Өткен жылдың желтоқсан айында полицейлер Қарағандыда Қармет кеншілерінен ақша бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады.

https://smartnews.kz/news/11198-qarmet-ten-1-5-mlrd-tenge-urlandy

Автор
Еркебұлан