ка

Қарин мен Бабақұмаров президент кеңесшілері болып тағайындалды

06.04.2019 13:06
0
0

Ерлан Қарин және Ержан Бабақұмаров Қазақстан президентінің кеңесшілері болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

Онда Ержан Бабақұмаровтың президент әкімшілігіндегі талдау және болжау орталығының жетекшісі ретінде тағайындалғаны айтылады. Ақпарат бойынша, Бабақұмаров әр жылдары президент әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығы, президент жанындағы орталық коммуникация қызметін басқарған. Мәдениет және ақпарат министрлігі, премьер-министр кеңсесінде түрлі қызмет атқарған. Оның 2018 жылдың желтоқсан айынан бері президент әкімшілігіндегі жаңа талдау және болжау орталығына жетекшілік еткені айтылады.

Ерлан Қарин елдегі түрлі зерттеу институттарында, "Нұр Отан" партиясында, президент әкімшілігі мен қазақстандық стратегиялық зерттеу институтында қызмет істеген. Соңғы кезде "Қазақстан" РТРК" АҚ басқармасының төрағасы болған.


Azattyq
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий