183,6 млрд $: Қазақстанның сыртқы қарызы "қызыл сызыққа" жақындап келе ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қария бес жастағы немересін зорлады деген күдікпен істі болды

Қария бес жастағы немересін зорлады деген күдікпен істі болды

13 желтоқсанда Өзбекстанның Сырдария облысына қарасты Хавас аудандық ішкі істер басқармасы «Кахрамон» ауылының бір тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.



Зейнеткер бес жастағы немересін зорлады деген күдік бар.

Өзбекстан бас прокурорының орынбасары Светлана Артыкованың хабарлауынша, істі бас прокуратура жіті бақылауға алған.

Өзбекстанның балалар омбудсмені Әлия Юнусова да істі бақылайтынын айтты.

Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалған. Бес жастағы қыз психологпен сөйлескен. Психолог қыздың сексуалды зорлық құрбаны болғанын растады.

Сырдария облыстық прокуратурасының бір қызметкері күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынғанын айтты. Туыстарының айтуынша, «жасаған ісіне өкінген зейнеткер 15 желтоқсанда өз-өзіне қол жұмсауға талпынған, бірақ аман қалған».

Бұның алдында Сырдария облысының тұрғыны бес жастағы қызын туған атасы зорлағаны туралы айтып, биліктен араша сұраған. Бұл видео әлеуметтік желілерде тарады.


Автор
Әлихан