Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қарақалпақ билігі: Белгісіз біреулер билікті басып алмақ болды

Қарақалпақ билігі: Белгісіз біреулер билікті басып алмақ болды

248 адам түрлі деңгейде жарақат алды.

Қарақалпақстан астанасы Нүкістегі тәртіпсіздік барысында 18 адам қаза тапты. Бұл туралы Өзбекстанның Бас прокуратурасы мәлім етті.

Ведомствоның мәліметінше, жаппай тәртіпсіздік салдарынан 243 адам, оның ішінде 38 құқық қорғау органдарының қызметкері зардап шеккен.

18 адам ауыр жарақат алып ажал құшқан.

1 шілдеде Нүкісте мыңдаған адам қала көшелеріне шығып ереуілдетті. Олардың бас көтеруіне Конституцияға Қарақалпақстанды егемендігінен айыру туралы енгізілмек болған түзетулер әкеліп соқты. Қарақалпақстан билігі болса ереуілдерге "тәртіпсіздіктер" деген баға беріп, "белгісіз біреулер билікті басып алмақшы болды, шетелдіктердің ел ісіне араласуы" орын алды деп мәлімдеді.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Конституцияға Қарақалпақстанның егемендігіне қатысты түзетулерді енгізуден бас тартуды ұсынды. Артынан ел парламенті Қарақалпақстанның егемендік мәртебесін сақтау туралы шешім қабылдады.

Автор
Айбар