Британдық актер Майкл Пеннингтон өмірден өтті, деп хабарлайды kznews.kz.
Variety басылымының мәліметінше, актер 82 жасында дүниеден озған. Оның өлімінің нақты себебі әзірге жарияланған жоқ.
Майкл Пеннингтон әлемге әйгілі "Star Wars: Episode VI – Return of the Jedi" фильмінде Мофф Тиаан Джерджеррод рөлін сомдаған.
Өнер иесі ұзақ жылдар бойы "Royal Shakespeare Company" құрамында қызмет етіп, Уильям Шекспир шығармалары негізінде қойылған көптеген спектакльге қатысқан.
Сонымен қатар оның фильмографиясында "The Return of Sherlock Holmes" туындысындағы рөлі де бар.