KZNews.kz
Жаңалықтар

Қаралы хабар! Қазақ елінің алғашқы бас мүфтиі 86 жасында өмірден өтті

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш бас муфтиі, көрнекті дінтанушы ғалым Рәтбек қажы Нысанбайұлы 86 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл қайғылы жаңалықты жазушы, дінтанушы Бейбіт Сапаралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, марқұмның Режеп айының соңғы жұма күні, миғраж кешінен кейін бақилық болғанын жазды. Оның айтуынша, тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ елінің тұңғыш бас мүфтиі, ҚМДБ-ның алғашқы төрағасы болған Рәтбек қажы Нысанбайұлы (1940-2026) дүниелік сапарын тәмамдап, Раббысына қайтқан.

Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылы 14 қарашада Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Ол – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын алғаш басқарған тұлға, белгілі ғалым әрі дін қайраткері. Сондай-ақ Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры атанған.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары