ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандылық 2 млн теңгесін пойызда ұмытып кеткен

Қарағандылық 2 млн теңгесін пойызда ұмытып кеткен

Үлкен сомадағы ақшасын пойызда ұмытып кеткен қарағандылыққа ақшасы қайтарылды.

Шымкенттен Нұрлы жолға бағыт алған 41 жастағы Қарағанды тұрғыны пойызда 1 млн 900 мың теңгесін ұмытып кеткен. Кейін ол бұл туралы бірден елорда полициясына хабар береді. Айтуынша, ақшаны қалдырып кеткенін пойыздан түскен соң бір-ақ байқаған.

"Не істерін білмеген ол таксиге отырып, пойыз келетін Нұрлы жол станциясына жеткен. Ол жақта бақылаушы полиция сержанты Берік Аққалиевке болған жайтты айтып беріпті. Айтылған әңгімеден кейін полиция қызметкері жедел іздестіру амалдарын жүргізіп, ақшасы бар сөмкені иесіне қайтарды", — деді көліктегі полиция департаментінің өкілдері.

Өз кезегінде қарағандылық азамат полицейлерге алғыс айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Автор
Данияр