KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Қарағандыдағы жұмысшы лифтте қаза тапты

• Айбар

Қарағандыда салынып жатқан нысанда бір жұмысшы қаза тауып, тағы біреуі дене жарақатын алды. Бұл ақпаратты өңірдің полиция департаменті растады.

"Байқаусызда адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Жағдайлар анықталуда", - деді департамент.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы ауыр жағдайда бір жәбірленуші Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың реанимация бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады.

Әлеуметтік желілердің мәліметінше, облыс орталығының оңтүстік-шығысында салынып жатқан тұрғын үй кешенінде лифт бұзылған.

Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →