KZNEWS.KZ
Қоғам

Қарағандыда жатақхана алдында студентті көлік қағып, тіл тартпай кетті

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Қарағандыда адам өлімімен аяқталған жол апаты болып, Бөкетов университетінің студенті қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиға түнгі уақытта Университетская көшесіндегі жатақхана маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2006 жылы туған бойжеткен жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған сәтте оны «Лада» көлігі қағып кеткен. Ауыр жарақат алған студент оқиға орнында көз жұмды.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлікті 33 жастағы жүргізуші басқарған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Куәгерлердің айтуынша, апат студенттер жатақханасының қарсы бетінде болған. Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →