«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда уланған балалардың төртеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды

Қарағандыда уланған балалардың төртеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жаппай уланған балалар жатқан Қарағанды облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығына барып, олардың жағдайымен танысты. Бұл туралы Kznews.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.


Төрт пациенттің жағдайы ауыр. Олар қарқынды реанимация бөлімшесінде жатыр. Барлығы да  өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Осы ауруханада 10-15 жас аралығындағы тағы бес бала нейробоксирленген бөлімшеге жатқызылды.Олардың да жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Сондай-ақ ведомство басшысы медициналық-әлеуметтік мекемеден түскен тағы екі пациент жатқан қалалық балалар ауруханасына барды.
Мамандардың айтуынша, анықталған санитариялық-гигиеналық бұзушылықтар балалардың жекелеген тобының жіті ішек инфекцияларын тудыруы мүмкін емес.

"Пациенттердегі клиникалық белгілер тамақтан улануға ұқсамайды. Мұнда қайта-қайта құсу, іштің жиі өтуі, кейде қан аралас іштің өтуі, сусыздану байқалады",- деп атап өтті министрлік.

Автор
Айбар