Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда құрылыстағы кран өртенді

Қарағандыда құрылыстағы кран өртенді

Қарағанды қаласында мұнара кранының жалыны сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін таңертең Крылов көшесінде жаңа ғимараттың аумағында, 6-қабат деңгейінде мұнара кранының кабинасы отқа оранды.

Өрт алаңы 4 шаршы метрді құрады. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында жалын жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – деп қосты ведомство.

ТЖМ кәсіпкерлерді от қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Автор
Айбар