Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда "өз бандасын" құттықтаған шенді азамат жұмыстан қуылды (видео)

Қарағандыда "өз бандасын" құттықтаған шенді азамат жұмыстан қуылды (видео)

Өз "бауырлары" мен "бандасын" жаңа жылдық мерекемен құттықтаған Ішкі істер министрлігі Қарағанды академиясының қызметкеріне қатысты шешім шығарылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаевтың мәлімдеуінше, видеодағы басты кейіпкердің әрекетін тәртіптік комиссия қараған.

Нәтижесінде, Қарағанды академиясының бірінші курс бастығының орынбасары Тастайбековты "Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін" жұмыстан босату туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, тәртіптік сипаттағы қатаң жауапкершілікке оның тікелей басшылары мен ведомстволық оқу орнының басшылығы да тартылды.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде полиция қызметкерінің өз әріптестерін "бауырлары" мен "бандаға" теңеп, жаңа жыл мерекесімен құттықтаған видеосы тараған еді. Кадрдан көптеген курсанттарды да аңғаруға болады.

Автор
Бауыржан