KZNEWS.KZ
Қоғам

Қарағандыда отырыс кезінде темекі шеккен депутат жазаланды

• Айжан Сыланова
Фото: Sputnik / Жоомарт Ураимов

Қарағанды облысында мәслихат депутаты онлайн отырыс кезінде электронды темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде тараған. Кадрларда ер адамның жұмыс орнында отырып, онлайн форматтағы жиын барысында электронды темекі қолданғаны көрінеді.

Полиция тараған бейнежазбадағы адамның Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы екенін растады.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Оған айыппұл салынды.

Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, мәслихат отырысы кезінде қоғамдық орында темекі өнімдерін қолдану мәселесіне назар аударылды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →