ка

Қарағандыда көпқабатты үйде шыққан өрттен 3 бала зардап шекті

05.02.2019 15:14
0
2
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

60 0 0

Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 13 адамды қауіпсіз жерге шығарған

АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қарағандыда көпқабатты үйде өрт шығып, бірден сегіз жасқа дейінгі 3 бала иіс тиіп ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 

Оқиға дүйсенбі, 4 ақпанда болған. 15-ші ықшамаудандағы тоғыз қабатты тұрғын үйде кешке сағат он кезінде өрт шығады.

"Өрт үйдің 8-қабатындағы пәтерде шыққан, аумағы - 10 шаршы метр. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, 22.43-те толықтай сөндірілді", - деп хабарлады құтқарушылар.

Өрт сөндірушілер 13 адамды өрттен құтқарған, оның жетеуі - балалар. 2011, 2014 және 2018 жылғы үш бала иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.

Жалынды сөндіруге 15 адам мен 8 көлік жұмылдырылған. 

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий