«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбыл облысында зауыттағы өрттен екі адам зардап шекті

Жамбыл облысында зауыттағы өрттен екі адам зардап шекті

Жамбыл облысында 20 желтоқсан күні газ өңдеу зауытында жарылыс болып, екі адам жараланды деп хабарлады Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Комитет ақпаратына қарағанда, жарылыс бүгін таңертең сағат 8:27-де Жамбыл ауданы Аса ауылында "Амангелді газ өңдеу зауытының" Тараз филиалы аумағында болды. Зауыттағы мұнайды қыздыруға арналған пешті қосатын кезде түтін шығатын құбырдағы газ-ауа қоспасынан жарылыс шығып, құбырдағы мұнай қалдықтары өртенген. Өрт жарты сағат шамасында сөндірілген.

Жараланған екі адам ауруханаға жеткізілген.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Бауыржан