Өрт кеше, 8 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 16:59-да Тайюань қаласының Инцзэ ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде шыққан.
Шаньси провинциясындағы тұрғын үй кешенінде болған өрт салдарынан 14 адам қаза тапты. Бұл туралы Қытайдың орталық телевизиясы хабарлады, деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған kznews.kz
Қайғылы оқиға салдарынан қазіргі уақытта 14 адамның қаза тауып, 30-дан астам адамның зардап шеккені белгілі болды.
Өрттің шығу себебі әзірге анықталған жоқ, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында ТЖ салдарын жою жұмыстары жалғасуда.