KZNews.kz
Қоғам

Қарағанды облысында пойыз бен көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

Ayzhan Sylanova
Фото: "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Оқиға Ақадыр – Қарағанды учаскесіндегі Жарық-Дария аралығында орналасқан күзетілмейтін, реттелетін теміржол өткелінде болған.

ҚТЖ дерегінше, 92 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі Mazda автокөлігінің кенеттен жолға шығуына байланысты жедел тежеу жасаған. Дегенмен соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған.

Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен екі жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты.

ҚТЖ марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, барлық жүргізушілерді теміржол өткелдерінде қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Компанияның мәліметінше, түнгі уақытта апат қаупі күшейетіндіктен, ерекше сақтық қажет.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары